Саудия араб әмірліктеріндегі білікті мамандарды өз жағына тартудың қамына кірісті
|
Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман ел астанасы – Ер-Рияд қаласын әлемдегі аса ірі мәдени әрі қаржы орталығына айналдыру және Таяу Шығыс аймағының саяси әрі экономикалық орталығына айналдыру үшін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әлемнің әр түкпірінен жиналған майталман мамандар мен көрнекті тұлғаларын тартудың ережесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz портал Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бағытта 2024 жылдан бастап саудиялық мемлекеттік қызметкерлеріне ел аумағында штаб-пәтері жоқ халықаралық компаниялармен бірігіп бизнес жүргізуге тыйым салу қарастырылған ережені қолданысқа енгізбек. Осылайша Ер-Рияд қаласы Дубаймен бәсекеге түспекші. Алайда, аталған ақпарат көзінің мәліметінше, Ер-Рияд қаласының мұндай бәсекеге әзірге төтеп бере алмайтынын алға тартып отыр. Дәлірегі, Саудиядағы тұрғын үйлердің тапшылығы мен жалдау ақысының шарықтап көтерілуі, сондай-ақ, салыстырмалы түрде Біріккен Араб Әмірлігіндегідей либерализмнің болмауы тақ мұрагерінің көздеген мақсатына жетуге кедергі келтіретінін атап өтіпті. Десе де саудиялықтар шетелдік мамандарды тарту үшін олардың жалақы мөлшерін 30-40 пайызға көтеруді, сонымен қатар, бес жыл бойы жұмыс орнын сақтау кепілдігін ұсынып отыр. Алайда, сарапшылардың айтуынша, саудиялықтардың мұндай ынталандыру шаралары шетелдік мамандарды тартуға жеткіліксіз деп есептейді.