«Саудия АҚШ-тан теріс айнала бастады"...
«Саудия АҚШ-тан теріс айнала бастады"...
3 жыл бұрын 1934 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия мен Қытай доллардың әлемдік позициясына елеулі соққы беруге дайындалуда. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal  мезімді басллымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қытай Саудия мұнайының 25%-дан астам бөлігін импорттайды. Көп ұзамай екі ел мұнай шикізаты үшін Қытайдың ұлттық валютасымен (юанмен) есеп айырысуға көшуі мүмкін. Барланған мұнай қоры 268 миллиард баррелге жететін аталған араб елінің АҚШ-қа жонын бере бастауының астарын амрикалықтардың соңғы жылдардағы Таяу Шығыстағы әрекетімен байланысты – Йемендегі хусит тайпасымен ұрыс жүргізіп жатқан Саудия бастаған коалицияға қолдауды тоқтатқаны да, Таяу шығыстағы бәсекелесі Иранның қаржы активтерін бұғаттан босатқаны да, Саудияны қару-жарақпен жабдықтауды кейінге шегергені де Саудия билігін қарымта қайтаруына итермелеп отыр. Жарты ғасыр бойы Саудия мұнайын тек доллармен саудалап келген ел болатын. Осылайша АҚШ алдындағы міндеттемесін (Сауияның қауіпсіздігіне кепіл болғаны үшін) орындап келген еді. Саудия Таяу шығыс аймағындағы АҚШ-тың сенімді одақтастарының бірі. 2015 жылы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келісімге келген кезде Иран мұнай нарығына қайта оралған еді. Осыған байланысты Саудия билігін мұнай нарығындағы баға саясатын қолға алуына тура келген болатын. Саудия мен АҚШ арасындағы бұл салқындықтан тек Қытай ұтады – Қытай билігі үшін энергия ресурстарына юан негізінде баға белгілеуге, сондай-ақ, халықаралық есеп айырысулардағы юанның үлесін, түптеп келгенде әлемдік экономикадағы қытайдың ұлттық валютасының маңызын артыруға мүмкіндік бермек. Десе де Саудияның бұл әрекетін пайданы көздеуден бұрын кек алуға ұқсайтынын алға тартып отыр сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат