|
Саудия АІ технологиясы бойынша әлемде үшінші елге айналғысы келеді
|
Биыл, дәлірегі, мамыр айында құрылған Humain компаниясы Саудияны жасанды зерденің аймақтық орталығына айналдыруды мақсат етеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNBC.com қаржы жаңалықтары сайтына жөн сілтеген Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геосаяси факторлар әрі өзге де жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге талпыныстан мұнай шикізаты бағасының құлдырауы мен тақ мұрагерінің пірменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформа аясында ішкі мегажобаларға жұмсалатын шығындардың өсуіне байланысты Саудия болашақта қапы қалмаудың барлық амалын қарастырып жатыр. Соның ішінде апарат пен есептеу қуатына өсіп келе жатқан сұраныс саудиялықтарды мемлекеттік инвестициялық қорға тиесілі Humain компаниясын құруға итермеледі. «Біздің амбициямыз мейлінше айқын. Біз Америка құрама штаттары мен Қытайдан кейін АІ технологиясымен жабдықтауда әлем бойынша үшінші елге айналғымыз келеді», деп мәлімдеді Humain компаниясының бас директоры Тарық Амин. Humain компаниясы деректерді өңдеу орталықтары, инфрақұрылым, бұлтты платформалар және озық AI моделдері үшін жасанды жад немесе жасанды зерде мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсынуға ұмтылады. Аталмыш компания осылайша Сауд Арабиясын өңірдегі AI орталығына айналдыруды көздейді. Бұл тұрғыда Саудия бірқатар жобалар бойынша америкалық технологиялық алыптармен әріптестік қарым-қатынасқа басымдық берген Біріккен Араб Әмірліктерімен қатаң бәсекелестікке төтеп беруі керек. Саудиядағы деректерді өңдеу орталықтарының нарығы 2024 жылғы 1,33 млрд доллардан 2030 жылға қарай 3,9 млрд долларға дейін өсетіні болжанған еді сарапшылар тарапынан. Салыстыру үшін алсақ, қазіргі уақытта АҚШ+тың бұл нарықтағы айналысы 200 млрд долларды құрайды. Таяу Шығыстың аптап ыстық орнайтын шөл дааласында деректерді өңдеу орталықтарын пайдалану мен салқындатудың құны мен қоршаған ортаға әсері, сондай-ақ, Сауд Арабиясында жұмыс істеу үшін AI саласындағы инженерлерді тарту мүмкіндігі туралы өзекті мәселелер бұрынғысынша басы ашық күйінде қалып отыр. Білікті мамандарғаа бұрынғыша зәру. Компания Саудия аумағында деректерді өңдейтын 11 орталықтан тұратын екі ірі кампустың құрылысын бастады. Олардың әрқайсысының қуаты - 200 мегаватт. 2025 жылдың төртінші тоқсанында Humain 2026 жылға дейін тоқсанына 50 мегаватттық, одан кейін 50 мегаваттық қондырғыны салуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай 1,9 гигаватты, ал 2034 жылға қарай алты гигаватты қондырғыны орнатпақ.


