Сауда белгілерінің діндарлардың ар-намысына тиетіні-тимейтіні тексерілетін болады
Сауда белгілерінің діндарлардың ар-намысына тиетіні-тимейтіні тексерілетін болады
5 ай бұрын 727 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында сауда белгісіне қатысты өтінімдер діндарлардың ар-намысына тиетіні немесе тимейтіні тексеріле бастайды. Мұндай тексеру процедурасы РФ азаматтық кодексіне енгізілген түзетулерге байланысты жүргізілетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ азаматтық кодексінің 1499-бабының 1-ші тармағына және ұлттық сараптама бюросына жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2024 жылғы қазан айының 21-нен бастап бұл тармақ 3-тармақпен толықтырылады:

«Діни нышандары (семантикасы) бар мәлімделген белгіні сараптау ерекшеліктерін зияткерлік меншік саласындағы құқықтық реттеуді жүзеге асыратын федералды атқарушы орган белгілейді», деп айтылған хабарламады. Тиісті бұйрық жобасын РФ экономикалық даму министрлігі әзірлеп қойған. Бұл бағыттағы сараптама Ресейдің дінаралық кеңесінің мамандарына тапсырылады, олар тауар белгілерін тіркеу мүмкіндігі туралы ұсыныстармен бірге қорытындыны да дайындайды.Тауар таңбасын тіркеуге өтінімдер туралы мәліметтер, оның ішінде «діни объектілердің бейнелері, діни рәміздер, діни бағыттағы терминдер, құдайлардың және (немесе) діндарлар құрмет тұтатын басқа да тұлғалардың бейнелері мен есімдері» туралы мәліметтер Роспатенттің (Ресейдегі құзыреті Роспотребнадзордан кем түспейтін мемлекеттік мекеме  - ред.) дінаралық кеңесіне жіберіледі. Сараптама үшін. Осы орайда таяуда Қырғызстанда да осыған ұқсас заң қабылданғанын айта кетпекпіз. Дәлірегі, заңды тұлғалардың атауларында діни терминдерді қолдануға тыйым салынатын заңнамалық түзету турасында сөз болып отыр бұл арада:  заңды тұлғаның фирмалық атауында діни сипаттағы сөздерді, терминдерді, анықтамаларды қолдануға жол берілмейді.

0 пікір
Мұрағат