|
Сауд Арабиясының MADEN компаниясы 7,8 миллион унция алтын тапты
|
Сауд Арабиясы аумағынан 7,8 млн унцияға жететін қосымша алтын қоры табылды. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның MADEN мемлекеттік тау-кен компаниясы ел аумағының төрт аймыағынан, соның ішінде бұрыннан бар шахталардан 7,8 млн унция алтын қоры табылғанын жариялады. Қосымша алтын қоры расталған өңірлер: Мансұр Масар, Ұрық 20/21, Ұм Ас Салам және Уәди әл-Жау. Олардың ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда Мансұр Масар шахтасының қоры 3 миллион унцияға артты. Мансұр-Масарда тоннасына 2,8 грамм алтыны бар қолданыстағы қорлар 116 миллион тоннаны құрайды, барлығы 10,4 миллион унцияға жетті. Ұрық және Ұм Ас-Салам аудандарында қосымша 1,6 миллион унция табылды, ал Уәди әл-Жау өлкесінде алғаш рет 3,08 миллион унция қоры расталды. Бұдан басқа, әр-Ружумның солтүстік ауданында алтынның жаңа тұнбасы табылды, ал Жабал-Шаабан мен Жабал-әл-Уәкілдегі бұрғылаудың алғашқы нәтижелері мыс және никел сияқты минералдар қорын растады.