Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер
Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер
7 жыл бұрын 5811

Оның әкесі таққа отырған сәттеп, бастап ханзада Мұхаммедтің де ықпалы күшейді.

Бұл туралы stan.kz порталы BBC орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оның қолына көп билік шоғырланып, бәсекелестерінің бәрі кейінгі сырғыған. 2009 жыл Мұхаммед бен Салман әкесі Эр-Риядтың губернаторы болып тұрған кезде кеңесші қызметін атқарды.

2015 жылы король жасы келген тақ мұрагерінің орынына жас Мұхаммед бен Наиф мұрагер болып тағайындалды. Ал оның орынбасары Салманның ұлы болды. Енді сол Мұхаммед бен Салман екі жыл бұрын тағайындалған Наифты алмастырып отыр.

Ол сондай-ақ, тақ мұрагерлігімен қатар премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін де атқара береді.

Салман бен Абдул Әзиз 2015 жылы қаңтар айында король болған кезде ұлын да бірден жоғары қызметке жетелеген еді. 29 жастағы Мұхаммед қорғаныс министрі бола салысымен, Сауд Арабиясы екі айдан соң Йеменде әскери кампанияны бастап кетті.

2016 жылы сәуір айында ықпалды ханзада экономика және даму істері жөніндегі кеңес басшысы ретінде, королдікті мұнай табысына тәуелді етпейтін, жаңашыл экономикалық реформаның тұжырымын ұсынды. Оның сөзінше, аталмыш реформа енгізілсе онда 2020 жылға қарай мұнайсыз да өмір сүруге болады.

Мұхаммед бен Салман 1985 жылы 31 тамызда дүниеге келген. Ол Салманның үшінші әйелінің үлкен ұлы. Бір келіншегі және екі ұл, екі қызы бар.

0 пікір
Мұрағат