|
Сауд Арабиясының экономикасы мұнайға тәуелділігінен құтылады (видео)
|
2020 жылы Сауд Арабиясының экономикасы мұнайға тәуелділігінен құтылады. Жергілікті билік сәйкес реформалар жоспарын мақұлдаған. Экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарлама сомасы 2 триллион доллар мемлекеттік қор құруды көздейді. Соның арқасында ел қара алтынның ірі экспорттаушысынан жаһандық инвестициялық державаға айналуы тиіс. Бағдарлама аясында жалпы ішкі өнімдегі шағын компаниялардың үлесін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, әйелдерді жұмысқа көптеп тарту жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде Сауд Арабиясы табысының шамамен 80%-ын мұнай экспорты құрап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар жарық жылдамдығын таспаға тартып алудың орайын тапты (видео)
■
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
■
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр