|
Сауд Арабиясының әуе компаниясы ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызатын болды
|
Сауд Арабиясының Saudia ұлттық әуе компаниясы туысқандығы жоқ ерлер мен әйелдерді ұшақ салонында бөлек отырғызатын болды. Бұл жайында Russia Today ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш әуе компания өкілдері мұндай қадамға жолаушылардың өтінішін ескере отырып барған. Осылайша Saudia әуе компаниясы ендігі жерде шариғат талаптарын қатаң сақтайтын болады. Бұған қоса, ұшақ көкке көтерілер алдында, яғни, жолаушыларды ұшаққа отырғызу уақыты хабарланғаннан кейін қасиетті Құран оқылып, дұға айтылатын болады. Сондай-ақ, халықаралық рейстерде бес уақыт намазын қаза қылмайтын жолаушылар үшін ұшақ салонынан намаз оқитын арнайы орын бөлінеді. Әрі жолаушыларға құрамында алкоголі жоқ сусындар мен доңыз еті қосылған тағамдар берілмейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
Қателесіп кеттіңіз ғой деймін, алкоголі жоқ деген жерде, керсінше бар болу керек сияқты