Сауд Арабиясындағы ҚХР елшісінің мәлімдемесі шындыққа қаншалықты сай келеді?
Сауд Арабиясындағы ҚХР елшісінің мәлімдемесі шындыққа қаншалықты сай келеді?
10 жыл бұрын 3310

Сауд Арабиясындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Ли Ченьвэннің мәлімдеуінше, Қытайдағы мұсылмандардың ораза ұстауына тыйым салынбаған. Оның келтірген мәліметіне қарағанда, биыл Қытайда шамамен 21 млн адам ауыз бекіткен. Сондай-ақ, ол ел конституциясында наным-сенім бостандығына шектеу қойылмайтындығын ескеретін баптың барын да еске салып өтті. Ол мәлімдемесінде мұсылмандарды алда келе жатқан Ораза айтпен құттықтады. Қытайда 30 млн-ға жуық мұсылман тұратынын, оның он млн-ын ұйғыр мұсылман жамағатын құрайтынын ескерсек, елшінің аузынан шыққан 21 млн мұсылманның ораза ұстағанына қатысты деректен байқағанымыздай, оларға ораза ұстауға тыйым салынғаны туралы ақпарат растала түскендей ме, қалай? Ұйғырлардан кейін әлімсақтан мұсылман қазақтардың қарасы көп. Қазақтардан кейін қытайлықтардың хуй ұлысы мұсылман болып табылады.

0 пікір
Мұрағат