Сауд Арабиясында әйелдерге бала босану әдісін таңдауға рұқсат берілді
Сауд Арабиясында әйелдерге бала босану әдісін таңдауға рұқсат берілді
6 жыл бұрын 2597

Сауд Арабиясында енді әйелдер ресми түрде ер адамдардан - күйеулерінен, әкелерінен немесе баурыларынан рұқсат алмай-ақ, бала туу әдісін өзі таңдай алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, осылайша әйелдер кесарев тілігі немесе табиға босанғысы келе ме - өзі шешеді. Сондай-ақ, әйелдерге дәрігерден жүктілік қалай өтіп жатқаны және баланың қашан дүниеге келетіні жайлы мәлімет алу үшін қамқоршыларының қол қойған қағазы қажет болмайды. Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы әйелдерінің енді босану кезінде қасында туысы немесе жақын адамы болуы жайлы мәселені өздері қабылдайтын алатыны айтылады. Мұның алдында ол елдегі әйелдерге стюардесса болып жұмыс істеуге, көлік жүргізуге және футбол матчтарына баруға рұқсат берілгені айтылған еді.

0 пікір
Мұрағат