|
Сауд Арабиясында 220 шетелдік ислам дінін қабылдады
|
Қасиетті Рамазан айының әсері бар, мұсылмандардың меймандостығына тәнті болғаны бар, Филиппиннің 220 азаматы Сауд Арабиясында бір мезгілде тілдерін кәлимаға келтіріп, тура жолға түсті. «Олар бірнеше күн қатарынан ауызашарға келіп жүрді. Сол кезде біз оларды исламға шақырдық, Олар исламды қабылдауға келісімдерін берді», - деді нұрлы Мекке шаһарындағы исламға шақыру басқармасының директоры әрі шейх Сәлім әл-Мабади. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Emirates 24|7» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Айта кетейік, Сауд Арабиясында қасиетті Рамазан айында ғана емес, сонымен бірге, өзге уақыттарда да қонақжайлығымен аты шыққан ел. Мұсылман емес шетелдіктерді ораза айында ауызашарға жиі шақырады. Естеріңізде болса, өткен аптада Эр-Рияд қаласындағы мешіттердің бірінде филлипиндік 20 медицина қызметкері тарауық намазының әсерімен ислам дінін қабылдаған еді.
Төрт шақырымға созылған ауызашар дастарханы жайылды
|
|
![]() |
Ауқымды ауызашар дастарханын дайындау Мысыр елінде әлдеқашан дәстүрге айналған. Олар мешіт маңайында, алаңқайларға дастархан жайып, барлық жанды ауызашарға шақырады.
Александрия қаласының студенттері осы дәстүрді жаңғырта отырып, ауызашар дастарханын даярлауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Олардың теңіз жағалауына жайған дастархандарының ұзындығы төрт шақырымға созылған. Аталмыш шараға Гиннестің рекордтар кітабы өкілдері арнайы келіп қатысқан. Дастарханның дәлмә-дәл ұзындығы 4 303 метр болып шықты. Бұл көрсеткіш Италияда жайылған дастарханнан екі есе ұзын болып шықты.
Ауызашарға 10 000-нан астам адам қатысады деп жоспарланған болатын. Алайда, нақты санын анықтау мүмкін болмаған.
