Сауд Арабиясы сәуірдің 1-нен бастап, туристік виза бере бастайды
Сауд Арабиясы сәуірдің 1-нен бастап, туристік виза бере бастайды
7 жыл бұрын 3223 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тиісті орындары осы жылдың сәуір айының 1-нен бастап, туристік виза бере бастайды. Бұл жайында саудиялық Al Arabiya телеарнасы мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, бірталай уақыт бұрын Саудияда тақ мұрагерінің пәрменімен жүргізіліп жатқан экономикалық-әлеуметтік реформалар аясында туристік виза беруді бастайтынын хабарлаған едік. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің құрылғанына көп уақыт өте өоймаған туризм және ұлттық мұралар жөніндегі басқарма жетекшісі биылдан бастап алғаш рет туристік виза беретінін мәлімдеген болатын. Айта кету керек, виза бір жолға - 30 күн мерзімге беріледі. Ел билігінің бұл қадамы мұнайға тәуелді экономикасын әртараптандыру (диверсификация) мақсатында қолға алынып отыр. Экономистердің шамалауынша, 2030 жылға дейін Саудияға жылына 30 млн турист келуі тиіс. Естеріңізде болса, бұрын Саудия билігі елге жұмыс істеуге келген еңбек мигранттарына, отбасы барларға, қажыларға ғана рұқсат беретін еді. 

0 пікір
Мұрағат