|
Сауд Арабиясы Йемендегі әскери операцияға қанша қаржы жұмсады?
|
Сауд арабиясының билігі Йемендегі әскери операцияға кем дегенде 180 млрд доллар жұмсаған. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Йемендегі азаматтық соғыс сойқанынан 400 мың үй мен 130 мың мешіт жермен-жексен болған. 227 мыңға тарта адам опат болған. Естеріңізге сала кетейік, көтерілісші хусит тайпасы мен үкімет арасындағы қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері толастаған емес. Сауд арабиясы жетекшілік еткен халықаралық коалиция үкімет әскеріне әскери қолдау білдіріп келеді.