|
САУД АРАБИЯСЫ ХИЖРИ ЖЫЛ САНАҒЫНАН ГРИГОРИАН КҮНТІЗБЕСІНЕ ӨТЕДІ
|
Сауд Арабиясы билігі ел қазынасын көбейту және шығындарды азайту жолдарын қарастырып, әртүрлі шешімдер қабылдауда.
Корольдікте мұнай бағасының құлдырауы нарық қорына қауіп төндірген. Банк акциялары да үкіметтің мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы мен сыйақыларын қысқарту туралы шешімінен кейін түсіп кеткен.
Экономикалық дағдарысқа душар болған үкімет елде бухгалтериялық есепті исламдағы айлық – хижри жыл санағынан григориан күнтізбесіне өткізу керектігін хабарлады, деп жазады «әл-Арабия».
Енді жаңа шешімге сәйкес көптеген мемлекеттік қызметкерлерге қалыпты айлықты бұрынғыдан да ұзағырақ уақытқа бөліп төлейтін болады. Григориан күнтізбесінде 356-366 күн болса, хижри жыл санағында – 354 күн бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)