«Сатқындарға – өлім!»: Үндістан мұсылмандары билік партиясы тарапынан ауыр соққыға ұшырады (видео)
«Сатқындарға – өлім!»: Үндістан мұсылмандары билік партиясы тарапынан ауыр соққыға ұшырады (видео)
5 жыл бұрын 2142

Үндістанның астанасы Нью-Делиде хиндилер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстан 42 адам қайтыс болып, 300 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Халықарлық агенттіктердің хабарлауынша, қақтығыс кезінде хиндилер мұсылмандарға тас, темір сияқты заттар лақтырып, "сатқындарға өлім" деп айғайлаған. Таратылған видеоларда мешіттерді бүлдіріп, құран оқуға мұрша бермей жатқанын да көруге болады. Бұл жайында adyrna.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Мұнда азаматтық қақтығыстың болуына билік ұсынған  Азаматтық беру туралы акт (заң) себеп болған. Бұл заң бойынша Бангладеш пен Пәкістанда тұратын мұсылман дінін ұстанбайтын босқындар мен мигранттарға Үндістан азаматтығын жедел түрде беру қарастырылған. Бұған қоса, елде тұратын мұсылмандар билікке Үндістан азаматы екенін дәлелдеуі керек. Ал өздерін үнді азаматы екенін дәлелдей алмағандар елден депортацияланады. Биліктің мұндай жаңа заңы мұсылмандардың ашуын тудырып, олардың наразылыққа шығуына түрткі болған.

Бұдан соң биліктегі "Бхаратия Джаната Парти" хиндилері ұлттық партиясы көшбасшыларының бірі Капил Мишра Үндістан халқына үндеу жасап,  Азаматтық беру актісіне қарсылық білдіріп жатқан мұсылмандарға қарсы наразылыққа шақырған. Осыдан кейін 23 ақпан күні Нью-Делиде мұсылмандар тұратын ауданда қақтығыс басталып, ол бірнеше күнге созылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, ел билігі қақтығыс болған жерлердегі және сол аймаққа жақын маңдағы мектептерді, қоғамдық орындарды жауып тастаған. Жұрттың топ болып жиналуына тыйым салған.

Сарапшылар мен БҰҰ Азаматтық беру актісіне "мұсылмандарға қарсы заң" деген баға беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат