Сарбаздардың ойын оқу технологиясы жасалмақ
Сарбаздардың ойын оқу технологиясы жасалмақ
6 жыл бұрын 3154 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ Қорғаныс министрлігінің зерттеу бөлімі гендік инженерия көмегімен сарбаздардың ойын сол сәтте оқуға мүмкіндік беретін жобаны қаржыландыратын болды. Мұндай бастаманың түпкі мақсаты адам нейроинтерфейс арқылы басқара алатын қару жасауға саяды. АҚШ билігі қорғаныс қабілетін арттыруға септігін тигізетін зерттеу жобалары агенттігі (DARPA) арқылы сарбаздың ойын дереу оқуға мүмкіндік беретін технологияны жасауға атсалысатын ғалымдар үшін бөлінетін қаржы мөлшерін бекітті. Аталмыш жоба гендік инженерия, нейробиология және нанотехнология салаларындағы соңғы ғылыми жетістіктерді қамтымақ. Мақсат – мидан миға ойды немесе бейнені тікелей жеткізетін қару жасау. N3 («Келесі ұрпақтың нейрохирургиялық бағдарламасы» - Next Generation Nonsurgical Neurotechnology) деп аталатын жаңа бағдарлама бойынша 19,48 млн доллар қаржы қарастырылған. Ғалымдарға ми жасушасынан ақпаратты оқуға қабілетті жүйені жасауға бір жыл мұрсат беріліп отыр. Аталмыш жобаға атсалысатындар адам миы мен машина арасындағы жылдам әрі тоқтаусыз байланысты қамтамасыз ететін екі бағытты арнаның жұмысын іске асыратын технологияны жасауы тиіс. Яғни, ешқандай отасыз, операциясыз жүзеге асуы тиіс. Талап бойынша. Ары кеткенде 50 миллисекунд ішінде мидан ақпаратты жеткізуге тиіс жүйені ұйғарып отыр. IEEE Spectrum-ға сәйкес DARPA машинаға бақылау орнату құралы ретінде «магниттік полямен, электрлік полямен, акустикалық поляға (ультрдыбыспен) және жарықпен» тәжірибе жүргізіп көрмек. «Өзіңіз ойлап көріңізші, осындай тәсілмен дронды басқаратынын. Қазіргі уақытта адам мен машина арасындағы байланыс жүйесінің жылдамдығы баяу, өйткені, мен машинаға бұйрық беру үшін миымнан сигнал беруім керек, ол үшін ауызды немесе саусағымды қозғалтуыма тура келеді. Ал бұл өз кезегінде кибернетикалықпен де, физикалықпен де өзара іс-қимылға бару жылдамдығымды шектейді»,- деді осы жобаға қатысатын Райса жоғарғы оқу орнының биоинженерия профессоры Джейкоб Робинсон аталмыш жобаның маңыздылығын сөз ете келіп. Соңғы жылдары ғалымдар мидан ақпаратты тікелей оқу қабілетін арттыру бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, бұл жетістік импланттарға негізделгенін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат