Сарапшылар Ресейдің АҚШ-пен тіресетін келесі аймақты атады
Сарапшылар Ресейдің АҚШ-пен тіресетін келесі аймақты атады
7 жыл бұрын 4488 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Таяу Шығыста, дәлірегі, Сирия аумағында текетіреске барған алып державалардың, яғни, Ресей мен АҚШ-тың келесі жолы әлемнің қай түкпірінде "тоқайласатынын" айтты сарапшылар. АҚШ Орта Азиядағы ықпалынан айырылып қалғанын да тілге тиек етті. Саяси ақпарат орталығының бас директоры Алексей Мухин келесі жолы АҚШ пен Ресейдің Еуропаны ықпал ету аймағы үшін таласатынын мәлімдеді. "АҚШ әлемде ойластырылмаған саясат жүргізіп отыр. АҚШ-тың қасіреті сонда, ол әлемді реттеуші рөлін өзіне алып, оны орындай алмай отырғандығында жатыр. Егер АҚШ Орта Азия мен Таяу Шығыста Ресейдің сауатты әрекетінен көп нәрсесін жоғалтып алды. Алайда, Еуропада бәрі басқаша болуы да мүмкін. Еуропадағы саясат басқа, алайда, экономикалық ахуал Ресеймен достасуға итермелеп отыр. Бұл Еуропаға тиімді, ал Еуропалықтар пайдасын көздемейтін ақымақ емес",- депі мәлімдеді ол. Десе де сарапшы келесі ықпал ету аймағына неге кәрі құрлықты жатқызғанын ашып айтпады. Оның болжамы қаншалықты расқа айналатынын алдағы уақыт көрсетеді. 




0 пікір
Мұрағат