Сарапшылар пандемияға байланысты биологиялық терроризмнің етек алатынын алға тартып отыр
|
Еуропалық кеңес сарапшылары әлемнің әр түкпіріндегі лаңкестік топтардың тәжді тажал пандемиясынан соң биологиялық қаруды қолдануға дайын отырғанын мәлімдеді. Бұл жайында Morgenpost ақпарат көзі мәлім етті. Өйткені, бүгінде күллі әлемді иінінен басқан осынау жұқпалы індетке адамзаттың қайран қылып, қайрат таныта алмай отырғаны немесе әлем қауымдастығының вирус алдындағы қауқарсыздығы террористерді биологиялық қарудың тиімділігіне ден қойып, қолдануға итермелеуі мүмкін. Мұндай биологиялық терактінің зардабы мен салдары ауыр болатынына пандемия арқылы көз жеткізген террористер, тіпті, биологиялық қаруды тәжірибе ретінде қолданып көргенін де жеткізді. Дәлірегі, сәуір айының орта шенінде бұқаралық ақпарат құралдарында Сирия мен Шам жерінде сойқан салған содырлардың жалған дәрігерлер арқылы жергілікті тұрғындарға тәжді тажал жұқтырылған маскаларды үлестіргені жазылған еді. Десе де мұндай қауіптің барын алғаш рет ауызға алған адам Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш болатын. Ол биологиялық қарудың террористер қолына түсірмеудің барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырған болатын. Мемлекет басшыларын. Сәуір айының 10-ы күні Қауіпсіздік кеңесінің онлайн жиынында. Экстремистер аса қауіпті вирус штамдарына қол жеткізудің жолдарын іздестіруі мүмкін екенін ескерткен еді.