Сарапшылар: "Бір белдеу - бір жол" - Қытай қақпаны
Сарапшылар: "Бір белдеу - бір жол" - Қытай қақпаны
6 жыл бұрын 5075 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай тарапынан көтерілген "Бір белдеу - бір жол" бастамасы - Қытайдың ықпалын ұлғайтуға бағытталған тұзақ қана. Әлбетте, экономикалық интеграция керек. Оған сөз бар ма. Алайда, оның артында саяси мүдде жатса, кез келген экономикалық бастамаға күмәнмен қарау керек. Мәселен, Оңтүстік-шығыс Азия - Қытайдың ықпалымен экономикасы түлеген аймақ. "Жаңа компания ашудың орнына, қытай фирмалары инвестиция құю арқылы нарықта бұрыннан бар компаниялармен серіктес болғанды қалайды",- деді The Asset ақпарат көзінің шолушысы Джеффри Сун. Оның айтуынша, қытайлық көптеген компаниялар қытай кәсіпорындарына электрондық коммерция бойынша кеңес беретін Orrick заң жөніндегі халықаралық фирманың әріптесі болып табылатын жергілікті компаниялардың миноритарлық акция пакетін сатып алады. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы электронды коммерция саласына инвестиция құятын қытай компанияларының рөлі негізінен қаражат пен технология тартуда жатыр. "Қытай Оңтүстік-шығыс Азия аймағымен салыстырғанда электронды сауда-саттық саласында алға шыққан ел. Сонымен қатар, қытай компаниялары (қытайлар 100 пайыз бақылау орнатпаса да) логистика есебінен жергілікті компанияларға бақылау орнатып отыр",- деді автор ойын сабақтай келе. 

0 пікір
Мұрағат