Сарапшы: Тәліптердің даңқты жеңісі – Қытайдың жаһандық өрлеуінің маңызды кезеңіне аяқ басқанын білдіреді
Сарапшы: Тәліптердің даңқты жеңісі – Қытайдың жаһандық өрлеуінің маңызды кезеңіне аяқ басқанын білдіреді
3 жыл бұрын 2099 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанда тәліптер радикалды қозғалысының (Әлемнің көптеген елдерінде және Қазақстанда іс-әрекеті мен насихатына тыйым салынған) Қытайдың билікке келуі Қытайдың жаһандық өрлеу жолындағы маңызды кезең әрі күллі әлемдегі қалыптасқан неоколониялық жүйені бұзған айтулы оқиға болды, деп есептейді «Реалист» ресейлік ақпарат агенттігінің бас редакторы Саркис Цантурян. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшының айтуынша, бүгінде адамзат отарсызданудың үшінші кезеңінде тұр. Соның ішінде, америкалықтар мен британдықтардың Ауғанстаннан кетуі олардың 2001 ылдың қыркүйек айының 11-і күні басталған үшінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліс тапқанын көрсетеді. «Америкалықтар мен британдықтар Қытайды қысып ұстау үшін жақын келуге тырысты. Ауғанстан да оларға бірқатар мұсылман елдеріне қысым көрсетуіне мүмкіндік тудырды. Бүгін көріп отырғанымыздай, мұсылман елдерімен бірге Қытай толыққанды ұлт азатыққа ұмтылуда»,- деді ол. «Қытайдың тәуелсіздік алуының белгісі ретінде оның демографиялық саясатын атауға болады. Саяси бюро таяуда әр қытайға үш балаға дейін ие болуына рұқсат ететін әрі ол үшін айыппұл салынбайтын отбасының жаңа моделін қабылдады. Қытайға инвестиция саларда Батыс «бір отбасы – бір бала» шартын қойған болатын. Қытай отарлық парадигмадан толық кетті»,- деп сөзін жалғады сарапшы. Саркис Цантурянның пікірінше, Қытайдың түпкілікті өрлеуі өз кезегінде ислам елдерінде де көрініс таппақ. Бұл арада тек ауғандар турасында ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Индонезия елдерінде көрініс табады. Таяу 5-10 жыл ішінде барлық жағынан ислам елдері шапшаң дамитын болады. Олардың дамуына ықпал ететін басты фактор – интернет, жаппай жоғары білім болмақ. Бұл жайт фашизмнің әлемдік ауқымда бас көтеруіне жол бермейді. Оның түсіндіруінше, «тиімсіз экономикалық басқару мен байлықты азшылықтың пайдасына қайта бөлудің нәтижесінде» фашизмді қоғамға таңу әрекеті орын алады. Бұл үшін түрлі этникалық және діни алауыздықтар мен араздықты қоздыру амалдарын ойластырады.

Ескерту: Сарапшының пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді – ред.

0 пікір
Мұрағат