Сарапшы: Ислам 2070 жылы ең кең таралған дін болады (ФОТО)
Сарапшы: Ислам 2070 жылы ең кең таралған дін болады (ФОТО)
9 жыл бұрын 8833 ummet.kz

Ислам осы ғасырдың орта тұсында христиан діні көрсеткішімен теңеседі, ал 2070 жылы жер бетіндегі ең кең таралған дінге айналады.

Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесі бас директоры, тарих ғылымының кандидаты Андрей Кортунов осылай деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта әлемде ең көп тараған дін – христиандық. Бұл дінді жер бетінің 2,2 миллиард тұрғыны ұстанады. Екінші орында – ислам діні (1,6 миллиард адам).

  

Үшінші орында – индуизм. Оның ұстанушылары 1 миллиард адамды құрайды. Алайда, сарапшы А.Кортуновтың пайымынша, 2050 жылы мұсылмандар саны 2,8 миллиардты құрайды, осы уақытта христиандар саны 2,9 миллиардқа жетеді. Жиырма жылдан кейін ислам әлемдегі ең кең тарайды.

Айта кету керек, ғасыр ортасында Ұлыбритания, Нидерланды, Австралия мен Жаңа Зеландия елдерінде халықтың басым бөлігін ұстанып келген христиан дінінің таралуы төмендейді.

 

0 пікір
Мұрағат