Сарапшы Йемендегі дағдарысты шешудің жолын айтты
Сарапшы Йемендегі дағдарысты шешудің жолын айтты
7 жыл бұрын 3201 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар осы уақытқа дейін ай қарап, жұлдық санап отырған жоқ, Йемендегі саяси, экономикалық, т.б. дағдарыс тым тереңдеп, бірталай уақыт өтсе де әліптің артын бағып, оны шешу үшін өз нұсқаларын ұсынды. Сарапшылар Йемендегі дағдарысты шешу үшін аталған елді федерациялау керектігін алға тартып отыр. Дәлірегі, мұндай жобаны Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының ғылыми жетекшісі Виталий Наумкин ұсынды. "Қарама-қайшылықтар әбден шиеленіскен: ел ішінде де, аймақта да бірыңғай ұстаным болмай тұр",- деп Кувейт пен Оманның араша түсіп, арағайын болғанын еске салып өтті. "Қолда бар мәліметка қарағанда, Оманда бүлік шығарған хусит тайпасының өкілдері мен биліктегілер жасырын кездескен. Сауд арабиясы бастаған коалиция құрамына кірмеген Оманның бейтараптық рөлін ескерсек, бұл кездесуден бір нәтиже шығуы мүмкін",- деді ол тағы деректің шетін шығарып. Түйінге айналған бұл дағдарысты шешу үшін ел ішіндегі бір-бірімен жауласушы күштер, ал аймақта жауласушы тараптар өзара бейбіт келісімге келу арқылы мүмкін болмақ. Сарапшының айтуынша. Ол үшін Йеменді федералдандырудың басқа өзге жолды көріп отырмағандығын да жеткізді. Яғни, орталықсыздандыру арқылы бұл проблеманы шешуге болады деп есептейді сарапшы. Естеріңізге сала кетсек, Йемендегі соғыс заңды билікті мойындамаған Хусит тайпасының бүлігінен басталған болатын. 2014 жылы. Содан бері бұл елде тыныштық жоқ. 

 

0 пікір
Мұрағат