Сақал жібергені және кітап ұстағаны үшін тұтқындалды
|
21 жастағы Алисив Черан Дания астанасына бара жатқан жерінде тұтқындалды. Сақал жібергені әрі 2001 жылдың қыркүйек айының 11-і күні АҚШ-та орын алған қасірет туралы жазылған кітапты ұстағаны жолаушыларға күдікті көрінсе керек, полиция шақыртады. Washington Post басылымы хабарлағандай, Копенгаген қаласында тәртіп сақшылары оны «қолға түсіру» операциясына қатысты жоспар құруға кіріскен көрінеді. Ал Черанның бақылау камерасынан түсірілген фотосуреті ұлттық теледидардан көрсетілді. Осылайша, айдың-күннің аманында еш жазығы жоқ мұсылман жігіті «шектен тыс қырағылықтың» құрбаны болды. Теледидардан өзінің фотосуретін көрген біздің кейіпкеріміз полицияға өзі хабарласады мұның жай-жапсарын білу үшін. Көп ұзамай арнайы жасақ сау етіп жетіп келеді. Мұсылман жігіттің лаңкестерге еш қатысы жоғы анықталғаннан кейін еркіндікке жіберілген.