Саңырауларға уағыз арнайы ым-ишарамен түсіндіріледі
Саңырауларға уағыз арнайы ым-ишарамен түсіндіріледі
7 жыл бұрын 2734 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістандағы мұсылмандар мүмкіндігі шектеулі діндес бауырларының рухани тұрғыдан кенжелеп қалмауын ойлап, осы мақсатта Керала штатына қарасты Малаппурам қаласындағы мешітте дәрістер жергілікті халықтың тілімен қатар арнайы ым-ишарамен түсндіруді бастады. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. Бұл игі іс қолға алынған аталған ғибадат ғимараты Ар-Рахма деп аталады. Бір мезгілде 500 адам намаз оқи алатын шағын мешітте саңыраулардың тілін түсінетін арнайы маман шақыртқан. Саңырауларға арналған уағыз құлшылық үйіне қойылған үлкен экраннан көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл мешіттің дәрет алатын орнында да мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған: мүгедектерге арналған арба да, түсіп-шығатын арнайы «баспалдақ» та бар. Қайырымдылық қорының төрағасы Мұстафа Мадани мұндай ойға келуіне құлағының мүкісі бар студенттердің жұма намазына келмейтіні себеп болғанын жеткізді. Өйткені, олар құтпада не жайында айтылып жатқанын ести алмай қиналған.

0 пікір
Мұрағат