Санкция салынғаны үшін доллардан бас тартып отырған жоқ (видео)
Санкция салынғаны үшін доллардан бас тартып отырған жоқ (видео)
7 жыл бұрын 3370 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі сырттан әкелінген тауарлар үшін доллармен есеп айырысуға тыйым салды. Яғни, ондай импорттық тауарлар кеденнен өткізілмейді. Аталған елдің орталық банкі мәлім еткендей, бұл тыйым импорттаушыларға кедергі бола алмайды. «Санкция салдарынан елдің банк секторы баяғыдан бері долларды пайдалана алмайды. Ирандық импорттаушылар өз мәмілелерінде өзге валюталарды пайланатындықтан долларға қажеттілік те болмайды»,- деді Иран орталық банк төрағасы Меһди Касрейпура. Долларды пайдалануға қатысты шектеу енгізілуінің тағы бір себебі ұлттық валютаның әлсіреуінде жатыр. Риал өткен жылы жыл бойы құнсызданған болатын. Осы жылдың тек қаңтар айының өзінде 8%-ға арзандаған еді. Осыған байланысты ел билігі долларға ел ішіндегі сұранысты азайтуға күш салып жатыр. Тек иран ғана емес, сонымен қатар, санкция салынбаған әлемнің кейбір елдері де доллардан бас тарту қамына кірісіп жатыр. Мысалы, Түркия, т.б. Доллар тәуелділігінен құтылу үшін кей елдер алтын қорын молайтып жатыр. Күллі әлемнің қаржы жүйесі, экономикасы жіпсіз байланғандықтан әзірге АҚШ валютасынан түбегейлі бас тарту мүмкін емес. Тіпті, бұл тәуелділіктен құтылу үшін долларға балама бола алатын әлемге ортақ валюта ойлап табуға қадамдар жасалуда. Әзірге тек талпыныс күйінде қалып отыр. Одан нәтиже шыға ма, жоқ па, оны алдағы уақыт көрсетеді.

 

0 пікір
Мұрағат