Санкция астында қалған елдің ең елеулі жетістігі неде, білесіз бе
Санкция астында қалған елдің ең елеулі жетістігі неде, білесіз бе
6 жыл бұрын 3112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кетейік, әр елдің ұлт саулығы мен денсаулық саласының сапасы ең алдымен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткішімен өлшенеді. Бұл жағынан алғанда, санкция астында қалған Иран аймақтағы өзінен әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жоғары бәсекелес елдерді артқа тастаған ел. Иранның мемлекеттік әл-ауқат ұйымы (SWOI), жетекшісінің кемтарлық пен мүгедектіктің алдын алу өніндегі орынбасары Мина Рафий мәлім етті. Iran Daily ақпарат көзіне бірген сұхбатында. Оның айтуынша, Иран аймақта балалар өлім-жітімі бойынша ең төмен индексте тұр. Ол мұндай жетістікке инфекциялық ауруларға қарсы балаларды дер кезінде егу арқылы қол жеткізгендерін жасырмады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Ирандағы бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім 1000 балаға шаққанда 16 баладан "айналады". Ал көрші елдерде бұл көрсеткіш 1000 балаға шаққанда 35 баладан кем болмай тұр. Мәселен, дамыған елдерде, соның ішінде, Канадада балалар арасындағы өлім-жітім әр 1000 балаға шаққанда он баладан "айналады". Салыстыру үшін алсақ, Иран дамыған елдердің өзін қуып жетуге шақ тұр. Сондай-ақ, ол Иранда тұқым қуалайтын аурулар бойынша жыл сайын шамамен 30 мың бала дүниеге келетінін де жайып салды. Алайда, бұл арада дәрігерлер мен мамандардың кінәсі жоқ десе де болады. Генетикалық аурулардың дені бала сегіз, 15 жасқа толғанды сыр беріп жатады. Тағы бір айта кетпеске болмайтын әрі ескерер жайт: аталған елде тұқым қуалайтын аурулардың дені туыстық некеден болып жатады. Бұл салтқа айналып кеткен. Генетикалық аурулардың алдын алу үшін қоғамның санасын өзгерту қажет. Соған қарамастан Иранда 274 генетикалық кеңес беру және сынақ орталығы жұмыс істеп жатыр. Өткен жылдың өзінде аталған орталықтарда 1480 заңды жолмен түсік жасатылған. Аса ауыр тұқым қуалайтын балалардың өмірге келуінің алдын алу үшін. Бұл елде тұқым қуалайтын аурулардың арасында соқырлық, кереңдік, ақыл-естің кемдігі, неврологиялық аурулар көптеп кездеседі. 

0 пікір
Мұрағат