Саламатты өмір салтын тәтті, майлы тағамдарды шектеуден бастаған ел
Саламатты өмір салтын тәтті, майлы тағамдарды шектеуден бастаған ел
6 жыл бұрын 3408 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай Өзбекстан құрамында май, тұз, қант көп тағам түрлерін өндіруге, сыртта тасымалдауға, яғни, импорттауға, сатуға шектеу енгізетін болады. Аталмыш ел президенті Шавкат Мирзеев тиісті құзырлы органдарға осындай пәрмен берді. Шектеу енгізілетін тағам түрлерінің тізімін аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі жасайтын болды. Өзбек билігі мұндай қадамға ел аумағында саламатты өмір салтын қалыптастыру және 2019−2022 жылдарға межеленген ел тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсатында барып отыр. Бағдарламада адам денсаулығына зиянды заттар мен тағамдар саудасына білім беру ошақтары маңында тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ, қоғамдық орындарды шылым шегу, шарап ішу секілді жат әдеттерге қарсы талаптарды күшейтіп, жазаны қатайтады. Естеріңізге сала кетсек, биыл аталмыш ел билігі алкоголді және темекі өнімдеріне бағаны көтерген болатын. 

0 пікір
Мұрағат