Сәлафшылар тәкбіршілерді жаңқадай ұшырды (видео 18+)
|
Саудиялық блогер әлеуметтік желіде қауіпсіздік қызметкерлері мен лаңкестер арасындағы атысты жариялады. Жуырда Даммам қаласында орын алған бұл оқыс оқиғаны ол өткен сенбіде ел астанасы - Эр-Рияд қаласында болған жағдаймен салыстырған екен. Онда капрал Жабран әл-Ауажы тәкбіршілердің көзін жойған болатын. Осы әрекеті үшін оны жергілікті халық «Жасмин қаһарманы» атап кетті. (Жасмин – Эр-Рияд аудандарының бірі). Айта кетейік, сәлафшылдықты ұстанатын Сауд Арабиясында тәкбіршілер «діннен шыққандар» қатарынан саналады. Және осылай ресми түрде жарияланған да. Тәкбіршілерді бұл елде сырттан қаржыландырылатын және басқаралытан ағым ретінде біледі. 2005 жылы тәкбіршілер Даммамның тұтас бір көшесін басып алған болатын. Тек күштік құрылымның жедел іс-қимылымен жойылған еді.