Сәлафшылар еуропалық елдің бас ауруына айналды
Сәлафшылар еуропалық елдің бас ауруына айналды
5 жыл бұрын 1988 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерландының сәлафшы жастары жылдан жылға ықпалын арттырып келеді. Әсіресе, елденһгі мектеп қабырғаларындағы ықпалы өсіп кеткен. Ол ол ма, сәлафшылар жергілікті мешіт имамдарын өздеріне қолайлы тұлғалардан тағайындайтын дәрежеге қол жеткізген. Бұл жайында аталған ел парламентінде Нидерландының барлау және қауіпсіздік қызметінің директоры Дик Схооф мәлім етті. Нидерланды аумағындағы мешіттерге қатысты мәселе бойынша парламенттің төменгі палатасында арнайы комиссия жиыны өткен болатын. Дик Схоофтың айтуынша, осу елде дүниеге келген сәлафшылар голланд тілін жақсы біледі, елдің заңнамасын «жатқа соғады» әрі әлеуметтік желіде өте белсенді. Аталған елдің барлау және қауіпсіздік қызметі келтірген дерекке қарағанда, жергілікті сәлафшылар парсы шығанағы елдері тарапынан қаржыландырылады. Алайда, оны дәлелдеудің қиындығын алға тартып отыр. Осылайша сәлафшылар үй ішінен үй тігіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруде.

0 пікір
Мұрағат