Сайлауда дауыс бергендер ұмраға жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болады
|
Мысырда президент сайлау жақындап қалды. Естеріңізде болса, кезінде халық арасындағы толқуды сәтті пайдаланып, әскери төңкеріспен билік басына келген фельдмаршал Әбдіфаттах ас-Сиси бұл жолы да президенттік сайлауға түспек. Тұтас бір мемлекеттің тағдырына әсер ететін тұлғаны таңдау секілді саяси науқаннан халық шет қалмасы үшін түрлі шаралар ұйымдастырылатыны сөзсіз. Мысырдың Матруһ провинциясында тұрғындарды сайлауға қатыстыру үшін ерекше бастама қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, кіші қажылыққа 500 жолдаманың бірін ұтып алу мүмкіндігі берілмек. Бірыңғайда лоторея билетін ойнатқанмен бірдей көрінетін бұл бастамаға жергілікті кәсіпкерлер демеу көрсетпек. Бұл жайында Almesryoon ақпарат көзі хабар таратты. Дауыс бергендер жария тізімген енгізіледі. Жеңімпаз жеребе орнына жолдама тігілетіндіктен кездейсоқ жолмен анықталады. Жергілікті билік мұндай қадамға амалсыздың күнінен барып отырғанын айта кету керек. Өйткені, наразы халық президент сайлауына байкот жарияланған болатын. Әбдіфаттах ас-Сисидің саяси қарсыластарының бәрі сайлаудан шеттетілгені әрі абақтыға жабылғаны үшін. Мысалы, бұрынғы премьер-министр Ахмет Шафик, армия штабының бастығы Сами Анан секілді саяси салмағы бар кандидаттар өздеріне көрсетілген қысымға байланысты сайлауға түсуден бас тартып отыр. Жергіліктісі бар, халықаралығы бар, 13 құқық қорғау ұйымы Мысырдағы бұл сайлаудың әділетсіз өтетінін айтып, дабыл қағып отыр.