Русь мәдениетінің мәйегі мәнін жоғалта бастады
Русь мәдениетінің мәйегі мәнін жоғалта бастады
3 жыл бұрын 2289 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі Ресей – басқа Ресей. Кезінде Русь мәдениетінің өзегіне айналған православтық таным тарих қойнауына кетіп барады. Ресей зайырлы мемлекет болғандықтан діни сенімді немесе Құдайға сенуді дәстүрлі құндылықтар тізіміне енгізбейді. Осындай өтініш білдірген Шіркеудің қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жөніндегі синодалды бөлімінің жетекшісі Владимир Легойданың бұл бастамасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының мәдениет жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Елена Драпеко теріс айналды. Бұл жайында islam.kz порталы «Мәскеу сөйлеп тұр» («Говорит Москва») радиоторабына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутаттың айтуынша, елде Құдайға сенбейтін азаматтар да бар, олардың мүддесіне нұқсан келтірмеу керек. Олар да патриот шығар, олардың Отанға деген сүйіспеншілігіне күмән келтіруге болмайды. Бұдан бөлек, Ресей федерациялық мемлекет, түрлі дін өкілдері өмір сүріп жатыр. Осы орайда Ресейдің қоғамдық палатасында дәстүрлі ресейлік рухани-өнегелік құндылықтарды сақтау әрі нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат негіздері жобасының қоғамдық сараптамасы өткенін айта кету керек. Мұндай шара кейінгі кезде интернет кеңістігіндегі агрессиялық контенттердің ықпалының күшеюіне байланысты қолға алынып отыр. Мұндай шараның әрбірден соң ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екені айтылып қалды.

0 пікір
Мұрағат