Рубль емес, алтын ЕАЭО үшін ислам қаржысын тарта алады
Рубль емес, алтын ЕАЭО үшін ислам қаржысын тарта алады
7 жыл бұрын 2420 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Альпари» компаниясының талдау департаментінің директоры Александр Разуваев Ресей Федерациясының Орталық банкі мен Қаржы министрлігінің елде ислами қаржы мекемелерінің жұмыс істеуі үшін түбінде нормативтік базаны әзірлейтініне сенімді. Оның айтуынша, Орталық банк пен Қаржы министрлігі мұндай қадамға Қырымды басып алуына байланысты санкция астында қалған Ресейге Батыс елдерінен келетін инвестиция мөлшері кемігендіктен барады. "Батыстың ақшасы жоғалды, ал шығыс елдерінен келетін инвестицияның шеті әлі көрінбейді. «Роснефти»-дің 19,5% акциясын сатып алушының өзін әрең таптық, оның өзін Катар инвесторы сатып алды, бұл қалай дегенмен де ислами қаржымен байланысты ғой",- деді ол РБК ақпарат көзіне берген сұхбатында. Сонымен қатар, ол ресейліктер ислам қаржысын тартуға арналған заңды бұл салада азды-көпті тәжірибесі бар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше, соның ішінде, ЕАЭО елдерімен бірлесе отырып, әзірлеуі керектігін баса айтты. Ол ЕАЭО аясында "алтын" деп аталатын ортақ валюта болуы мүмкін екенін жасырмады. 

0 пікір
Мұрағат