Рохиньялық мұсылмандар Ораза айтты қалай қарсы алды?

10 жыл бұрын 3668

Мяньмада радикалды буддашылардан қуғын-сүргін көріп, көрші елдерге бас сауғалаған рохиньялық мұсылмандар пана тұтып келген мемлекеттерден де опа тауып жарытқан жоқ. Ол ол ма, Таиланд билігі арып-ашып келген рохиньялық мұсылмандарды кеудесінен итеріп, келген жағына  кері қайтаруды ойластырып отыр. Бангладешке табан тіреген рохиньялық мұсылмандардың да жағдайы оңала қойған жоқ. Күллі мұсылман мемлекетті Ораза айтты мәре-сәре болып, қарсы алып жатқанда не тұрақты тіркеуі, не жұмысы, не тұрақты баспанасы жоқ, сол себепті, ішер ас, киер киімге жарымаған рохиньялық мұсылмандары Айт намазын да оқуға жағдайлары келмеген. Мәселен, Сено Ара есімді келіншектің 35 жастағы күйеуімен және екі қызымен ресми мойындалмаған Кутупалонг босқындар лагерінде тұрып жатқанына, мені, алты жылдың жүзі болған. Олар паналаған лагерь ресми мойындалмағандықтан аталмыш отбасына және сол лагердегі өзге рохиньялық мұсылмандарға білім беру жағын айтпағанда, ауыра қалса медициналық көмек көрсетілмейді екен. Қайта Сено 65 табан ақы, маңдай терімен тапқан 65 долларға тігін мәшенкесін сатып алып, сонымен айына шамамен 33 доллар табыс табатын көрінеді. Кутупалонг босқындар лагерінде 40 000-ға жуық рохиньялық мұсылман ауыр тұрмыстың зарын мен зардабын тартуда.

4 пікір
  • СубханАлла, осындай жаңалықты естігенде неге жанымыз сыздамайтын боп кеткен. Жан-жақта мұсылман бауырларымыз қаңғып, арып-ашып жүргенде біздің қалай тамағымыздан ас өтіп жүр. Неге біз үнсізбіз... Мұсылмандар санымыз көп бола тұра неге Еуропалық футбол клубтарын қаржыландырып отырып жапа шегіп отырған бауырларымызды қалайша айналып өтіп кетіп жатырмыз.Тым болмаса дұғамен жəрдем сұрайық. ' Бірігіңдер əлемнің мұсылманы, Құрбан болсын Құдайым үшін жаның!' Мұқағали Мақатаев
    10 жыл бұрын

  • Қазір Ислам əлемінде бəрі бар. Ақша бар, мұнай бар, зəулім сарайлар бар, том-том кітаптар қаншама оқу орындары бар. Қазір Ислам əлемінде Əбу Бəкір, Омар, Салахуддин, Фатих Сұлтан сынды қаһармандар жоқ
    10 жыл бұрын
Мұрағат