Роботтандыру процесінен кісі өлімі көбейіп келеді
|
АҚШ-тағы Йел және Пенсилвания университеттерінің ғалымдары роботтардың өндіріс пен қызмет көрсету салаларына жаппай енгізіле бастағанынан ересек тұрғындар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші артып барады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Demography мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында 1993-2007 жылдар аралығындағы өндірісті автоматтандырудан жұмысынан айырылған адамдарға қатысты деректерді сараптаған екен. Содан соң бұл мәліметтерді сол кездегі өлім-жітім көрсеткішімен салыстырған. Белгілі болғандай, 12 пайызға дейін жұмыстан қысқартудан 45-54 жас аралығындағы азаматтардың арасында күйзеліске бой алдырып, өз-өзіне қол жұмсап өлгендер мен шектен тыс есірткі қабылдап көз жұмғандар қарасы көбейген. Өндірістегі роботтардың қателігінен жазатайым бақилық болғандар туралы мәліметті ескермеген күнде роботтандыру процесінің әлеуметтік-психологиялық астарынан өлім-жітім көрсеткіші артып кеткен. Роботтар жылдан жылға адамдарды өндіріс пен ауыл шаруашылығында, экономиканың қызмет көрсету секторында ығыстырып келеді. Бір робот жүздеген, ал жаңа роботтың әрбіреуі мың адамды алмастыра алады. Дәлірегі, осы 1000 жұмысшы күшінің орнын алмастыратын роботтан 100 мың ер адамға шаққанда сегіз адам, ал әйелдер арасында 100 мың адамға шаққанда төрт адам фәниден бақиға аттанып жатады. Бұдан бөлек, ғалымдар өндірістің автоматтандырылуынан кейбір жастағы адамдар арасында жүрек-қан тамыр ауруларының, онкологиялық аурулардың өршіп кеткенін алға тартып отыр. Бұған қоса, жұмысыздықтан тұрғындар кірісі азайған. Осылайша роботтандыру процесі әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандырылмаған азаматтар санын көбейтуде.