Ресми құжат үшін хижабпен суретке түсуге рұқсат берді
Ресми құжат үшін хижабпен суретке түсуге рұқсат берді
6 жыл бұрын 4098 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Украиндан жеткен жағымды жаңалыққа қарағанда, жеке бас куәлігі, төлқұжат және өзге де ресми құжаттар үшін шариғат шәлісін жамылып фото-суретке түсуге рұқсат берілген. Аалмыш елдің ішкі істер министрлігінде өткен жылы бұл мәселе көтеріліп, талқыға салынған болатын. "Біз түрлі дін өкілдерінің діни сеніміне нұқсан келтрмей құжат үшін фото-суретке түсуіне барлық жағдайды жасауымыз керек",- деді аталған елдің ішкі істер министрінің орынбасары Татьяна Ковальчук. Украинаның мемлекеттік көші-қон қызметінің жетекшісі Максим Соколюк те бұл бастамаға қолдау білдіріп, бұл бағытта орын алатын өзгерістерге байланысты жұмыстарды жүргізетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта тиісті тапсырма беріліп, "Стандарттау, сертификациялау және сапа проблемалары жөніндегі Украина ғылыми-зерттеу әрі оқу орталығы" жұмыстар атқаруда. Украинаның "Үмбет" мұсылмандар діни басқармасы ресми құжат үшін шариғат шәлісін жамылып түсу ережесін реттейтін жаңа мемлекеттік стандартты әзірлеуге кететін шығынды өз мойнына алып отыр. 

0 пікір
Мұрағат