Ресейлік екпе алғандар қажылыққа бара ала ма?
Ресейлік екпе алғандар қажылыққа бара ала ма?
4 жыл бұрын 2751 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Күллі әлем жұқпалы індеттен жанталаса құтылудың амалын қарастырып жатыр. Бұл кесапаттан құтылудың жалғыз жолы ретінде бұрыннан келе жатқан шешек, оба, т.б. секілді адамзаттың басына нәубет боп төнген талай жұқпалы індеттің бетін қайтарған танымал әдіске (екпе) жүгініп отыр. Ол – екпе. Екпе арқылы ауруға қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыру. Екпе – бір жағынан саяси құрал. Олай дейтініміз, екпе арқылы әлемдік державалар өздерінің ықпал ету аймағын біршама кеңейтуге мүмкіндік алады. Екпе төңірегіндегі саяси ойындар қажылыққа кесірін тигізуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Үшінші кезеңдегі клиникалық сынақ нәтижесі бойынша тиімділігі 91,6 %-ды құраған аталмыш ресейлік екпе төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп. Алайда, мұндай әңгімелердің дені негізсіз үрей мен теріс ақпараттың салдарынан пайда болғанын айта кетпеске болмайды. «Sputnik V» - ағзаның аденовирустық платформасына негізделген әрі әлемдегі алғашқы тіркелген екпе. Ресей екпесі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіміндегі вакциналардың алғашқы ондығына кіреді. Соған қарамастан Саудия билігі Н.Ф.Гамалея атындағы Ресей эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары әзірлеген, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, дәлірегі, қолдануға рұқсат етілген, тіркелген «Спутник V» екпесін алғандарды қажылыққа жібермеуі мүмкін. (Бұл тараптағы шешім әлі түпкілікті қабылданбағанын айта кетпекпіз). Осы уақытқа дейін әлемнің 66 елінде тіркелген, 66 елдің денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған ресейлік екпені алғандардың қажылыққа жіберілмеуін қалай жоруға болады? Ресейде және елімізде осы екпені алғандар арасынан қасиетті сапарға аттанғысы келетіндер қажылығын қалай өтейді? Иек астында тұрған қажылық маусымы қарсаңына Ресей билігі өздерінің екпесін Саудияда тіркетуге күш салып жатыр. Аймақтағы бәсекелесі Иран факторына байланысты, яғни, Ираннан төнетін қауіпке байланысты АҚШ-тың қас-қабағын бағатын Саудия билігі ресейлік екпе мәселесінде нақты бір шешімге келе қойған жоқ. Десе де Ресей билігі бұл мәселенің көп ұзамай шешілетініне елдегі мұсылман жамағатын сендіріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат