Ресейге салынған санкция саны рекордтық деңгейге жетті
Ресейге салынған санкция саны рекордтық деңгейге жетті
12 ай бұрын 897 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тіпті, Ресей Федерациясы өзіне салынған санкция саны жағынан Ираннан да асып түскен. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейдің Украинаға 2022 жылдың ақпан айындағы басқыншылығынан бері РФ-ға батыс елдері мен одақтастары тарапынан үсті-үстіне санкция салынып, бұл тарапта әлемнен оқшауланған Иранның өзінен асып түскен. Castellum.AI санкцияларды қадағалайтын сервис келтірген дерекке қарағанда Ресейге қарсы 18 мыңнан аса түрлі шектеулер енгізілген. Америка құрама штаттары (3551), Канада (2765), Швейцария (2225) және Ұлыбритания (1749), РФ-ға қарсы санкциялар бойынша көш бастаған. Санкциялардың басым бөлігі жеке тұлғаларға қатысты (11 462), заңды тұлғаларға - 4 344, ал теңіз және әуе кемелеріне тиісінше 169 және 102 шектеу енгізілген. Бұл көрсеткіш газ немесе мұнайға сауда эмбаргосы сияқты салалық санкцияларды қамтымайды. Сондай-ақ, Ресей нарығынан Adidas, Google, Exxon, Disney және Volkswagen сияқты мыңнан астам компания кеткен. Иранға өз кезегінде АҚШ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ, сондай-ақ, Австралия, Үндістан, Канада және Израил тарапынан 3616 санкци енгізілген.

0 пікір
Мұрағат