Ресейге қарсы санкцияға тағы бес ел қосылды
|
Ресейдің Украинаға тиесілі Қырым түбегін басып алуына байланысты батыс елдері тарапынан енгізілген санкцияны ұзарту жөніндегі Еуропалық кеңестің шешіміне Албания, Грузия, Норвегия, Украина және Черногория қолдау білдіріп отыр. Бұл жайында Еуропалық одақтың жоғарғы саяси сайтында айтылған. Ресейге қарсы салынған санкцияға қосылған елдер Еуропалық кеңестің шешіміне ұлттық саясатын сәйкестіндіріп, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындайды. Айта кетейік, Еуропалық кеңес пен АҚШ 2014 жылдан бастап, Ресей Федерацияына қатысты шектеу шараларын кезең-кезеңімен енгізіп келе жатыр. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың шілде айында Еуропалық одақтың Ресейге қарсы экономикалық санкцияны 6 айға ұзарту жөніндегі шешімі өз күшіне енді. Яғни, 2019 жылдың қаңтар айына дейін Ресей санкция өз күшінде қалатын болады.