Ресейге дәрі-дәрмек бойынша санкция салынуы мүмкін
Ресейге дәрі-дәрмек бойынша  санкция салынуы мүмкін
2 жыл бұрын 1248 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Melany @ tuinfosalud.com / Unsplash

Аустрияда батыс елдерінде өндірілген дәрілік заттар мен өзге де медициналық құралдарды Ресейге экспорттауға тыйым салу туралы ұсыныс айтылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Spiegel мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аустрияның экономикалық зерттеу институтының директоры Габриел Фелбермайердің айтуынша, бұл шара санкциялық қысымды арттырып, оның тиімділігін жоғарылатады. Фармацевтикалық өнімдер қажеттілігі жоғары өнімдерге жатады. Десе де ресейлік "Қайырымдылық шеңбері» (Круг добра) деп аталатын қоры медициналық жәрдем мен дәрі-дәрмекті санкциялық шаралар тізіміне енгізуге тыйым салатын халықаралық акті қабылдау туралы бастама көтерген еді. Өйткені, дәрі-дәрмек пен медициналық жәрдем гуманитарлық көмек аясына кіреді, оны саяси құралға айналдыруға болмайды. Мәселен, қандай да бір жұқпалы індет жайласа, ошағы пайда болған елде оның еміне қажетті дәрі-дәрмек болмаса, індет өзге елдерге таралады. Оның алдын алу үшін індетке қарсы дәрі өндірілетін елден дәріге қажеттілік пайда болады. 

0 пікір
Мұрағат