Ресейдің ықпалын кемітетін мегажоба мұсылмандарға қандай қауіп төндіреді?
Ресейдің ықпалын кемітетін мегажоба мұсылмандарға қандай қауіп төндіреді?
4 жыл бұрын 8607 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил еуропалық газ нарығынан Ресейді ығыстыруға бағытталған, Ресейдің ықпалын кемітуге қауқарлы EastMed мегажобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы Таяу Шығыс бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Жерорта теңізінің шығысынан табылған аса ірі газ кен орны осы ғасырдағы ең айтулы оқиғалардың бірі.  Оны америкалық Noble Energy мұнай компаниясы тапты. Ресурс қоры 623 млрд текше метрге жететін кен орны «Левиафан» аталады. Ондағы көгілдір отын кәрі құрлыққа Греция мен Кипр арқылы жеткізіледі. Атлмыш жобаға ең алдымен АҚШ билігі мүдделілік танытып отыр. Еуропаны Ресейге энергия тәуелділігінен құтқару үшін. Десе де бұл жобаның мұсылмандар үшін қандай қаупі бар? Адам құқығы мен демократияны алға тартатын Еуропа Израилге тәуелді болатындықтан Палестина мәселесінде үнсіз қалуға тырысады. Яғни, Палетисналықтарға қатысты Израилдің өктем саясатына көз жұма қарауға мәжбүр. Бұл өз кезегінде Израилдің Палестинаға қатысты басқыншылық саясатын батыл жүргізуіне мүмкіндік бермек. Түркияның аталмыш мегажобаға атсалысудан бас тартуының бір себебі осында жатыр. Егер бұл жобаға Түркия тарапы атсалысса, еуропаға газ тасымалдау әлдеқайда арзанға түсер еді.

0 пікір
Мұрағат