Ресейдің ядролық шабуылынан АҚШ-қа келетін зауал мен залал қандай
|
Джорджтаун университетінің профессоры Мэтью Крениг Ресей тарапынан бір емес, екі мәрте жаппай ядролық шабуылдан АҚШ-қа қанша шығын келетінін есептепті. Бұл жайында The National Interest ақпарат көзі хабар таратты. Алғашқы соққыдан АҚШ-тың 70 млн-ға тарта азаматы тұратын 131 қаласы жермен-жексен болуы мүмкін. Ал екіншісінде 12 қалада тіршілік тоқтап, 28 млн адам опат болуы ықтимал. Егер АҚШ өзінің ядролық арсеналын едәуір азайтатын болса, Ресей тарапынан шабуыл барысында 82 млн адам зардап шекпек. Ресейдің АҚШ аумағындағы ядролық нысандарды ғана насанаға алғандағы шығын көрсеткіші. Профессор Мэтью Крениг бұл деректі өзінің 2018 жылдың ақпан айында жарық көрген «Америкалық ядролық стратегия логикасы: неліктен стратегиялық артықшылық маңызды» деп аталатын еңбегінде келтіріпті.