Ресейдің тағы бір банкі шариғи карта шығарды
Ресейдің тағы бір банкі шариғи карта шығарды
2 ай бұрын 1251 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Т-Банк шариғат талаптарына сәйкес жұмыс істейтін дебеттік карта шығарды. Өнім Татарстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесімен бірлесіп әзірленген, деп хабарлайды Bank-inform. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Карта геометриялық шығыс өрнектерімен безендірілген. Ислам өсімақыға (пайызға) тыйым салады. Сондықтан T-Bank-тің халал картасымен барда, ішімдік сататын дүкендерде, темекі дүкендерінде, ойынханада, ломбардта және сақтандыру компаниясында төлем жасау мүмкін болмайды. Барлық дерлік кәдімгі карталардағыдай шоттағы қалдық ақшаға пайыз есептелмейді. Сондай-ақ, клиент банктен пайыздық мөлшерлемемен ақша алуға мүмкіндік беретін құралдарға қол жеткізе алмайды және ол кэшбэктен бас тарта алады. Карточка шотындағы ақша несие беруге немесе исламда тыйым салынған басқа операцияларды жасауға пайдаланылмайды.  «Досыма хабарлас» акциясы аясында ислам картасының иесі жаңа клиентті шақырғаны үшін бонус ала алады. Дегенмен, жаңадан қосылған тұтынушы үшін бонустар жоқ. Осы орайда бұрын Сбер банк пен Ақ Барыс банкі да шариғи карта шығарғанын айта кетпекпіз. Сбербанктің «Адаф» картасы Ресей Федерациясының тек тоғыз аймағында ғана беріледі. Т-Бнактің шариғи картасының қызмет көрсету ақысы айына 299 рубл, ал татарлардың шариғи картасы клиенттерге қызмет көрсеткені үшін ақы алмайды. Сбербанктің шариғи картасы айына 5000 рублге дейінгі төлем үшін ақы алмайды.

0 пікір
Мұрағат