|
Ресейдің әрбір төртінші тұрғыны халал өнімдерді тұтынады
|
Ресейлік азаматтардың әрбір төртіншісі «Халал» белгісі соғылған өнімдерге артықшылық береді, дәлірегі, шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерді тұтынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейлік сапа (Роскачества) мемлекеттік ұйымының жетекшісі Максим Протасов келтірген дерекке жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне (РИА Новости) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған мәлімет бойынша Ресей Федерациясы әлемдік халал нарығындағы ең ірі бесінші ойыншыға айналған (қараңыз: Халал өнімдер экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне мұсылман емес елдер кірген (https://islam.kz/kk/news/alem/halal-onimder-eksporttaityn-elderdin-algashqy-bestigine-musylman-emes-elder-kirgen-19579/#gsc.tab=0) айта кетпекпіз. Халал өнімдер нарығын кеңейту үшін шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерді тұтынатын мұсылман емес тұтынушылар статистикасын жүргізудің маңызы зор.