Ресейдің әлемдік халал нарығындағы үлесі ұлғайып келеді
Ресейдің әлемдік халал нарығындағы үлесі ұлғайып келеді
3 жыл бұрын 1199 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: kazan.aif.ru

Соңғы үш жыл мерзімде Ресей Федерациясының халал өнімдер экспорты екі есеге артқан әрі 2021 жылы халал нарығындағы айналымы 180 млн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты "Агроэкспорт" орталығының жетекшісі Дмитрий Краснов келтірген дерекке жөн сілтеген islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Агроэкспорт" орталығы жетекшісінің сөзіне қарағанда, халал өнімдер экспортында сиыр еті мен құс етінің үлесі мол. Дегенмен, кондитерлік, т.б. өнімерге де халал сертификаты берілетінін жеткізді. Осылай деген ол халал станартына сай келетін ресейлік өнімдердің негізгі тұтынушылары ретінде Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігін атады. Бұл межемен шектеліп қалмай, алдағы уақытта Сахар шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдерге де халал өнімдер экспорттауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Бұдан бөлек, оңтүстік-шығыс Азия бағытына да (Малазия, Индонезия және Сингапур) басымдық берілетінін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат