Ресейдегі танымал өнім халал сертификатына ие болды
Ресейдегі танымал өнім халал сертификатына ие болды
1 жыл бұрын 797 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sergey Petrov / news.ru / Globallookpress.com

Ресей Федерациясында ғана емес, сонымен қатар, бірқатар алыс-жақын шетелде танымал «Красный Октябрь» кондитерлік холдинг өнімдерінің белгілі бір бөлігі шариғат талаптарына сай әзірленетін болды. Аталмыш кәсіпорын РФ-да алғаш рет «Ресей сапасы – Халал» (Роскачества – Халяль) органының ресми сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Аленка», «Гриляжные», «Тұз қосылған Козиначки», «Құс сүті», «Аленка» шоколады және «Бабаевский» кәмпиттері Росаккредитацияның федералды мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілді. Өндіріс пен дайын өнімді тексеруді «Ресей сапасы – Халал» қызметкерлері мен шариғат саласындағы сарапшылар жүргізді. Тиісті орган атап өткендей, халал сертификатын алу үшін өнімдер құрамында желатин мен кармин болмауы керек. Осы орайда 2023 жылдың қаңтар айында «Ресей сапасы» базасында халал өнімдер мен қызметтер саласындағы ұлттық құзырет орталығы құрылғанын айта кетпекпіз. Оның міндеттеріне стандарттарды әзірлеу және ұлттық сертификаттарды әлемнің басқа елдерінде тану арқылы өндірушілердің сертификаттауға кететін шығындарын азайту кіреді. Аталмыш орталық стандарттау, сертификаттау, өнім сапасын бақылау және ресейлік халал тауарларды ішкі нарықта және шетелде насихаттаумен және өткізумен айналысады.

0 пікір
Мұрағат