Ресейдегі белең алған ажырасу дертіне «ақпарат сығандары» кінәлі болып шықты...
Ресейдегі белең алған ажырасу дертіне «ақпарат сығандары» кінәлі болып шықты...
6 ай бұрын 906 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы елде кеңінен етек алған, демографиялық апатқа бастауы мүмкін, әлеуметтік сипатқа ие болған жат құбылыстың себебін «ақпарат сығандары» деген атқа ие болған психологтардан көріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Олег Матвейчев есімді депутат кейінгі кезде қаптап кеткен, бір қалыптан шыққандай бір-бірінен айырмашылығы жоқ мұндай психологтер ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарға интернет немесе өзге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шабуылды бастап кеткенін мәлімдеді. «Ақпарат сығандарының» ең басты ерекшеліктеріне олардың «манипуляция», «абьюз», «газлайтинг», «нарцисс», т.б. терминдерді оңды-солды, келсін-келмесін қолданып, ресейлік әйелдердің миын әбден улап бітірген. Оның айтуынша, мұндай психологтер батыстың, соның ішінде америкалық және ағылшын әдіс-тәсілдеріне жүгінеді. Яғни, жергілікті менталитетке сай келмейтін тұжырымдамаға иек артып, арқа сүйейді.

0 пікір
Мұрағат