Ресейде зейнет жасына жақындаған жұмыссыздарды ертерек зейнетке шығару туралы ұсыныс айтылды
Ресейде зейнет жасына жақындаған жұмыссыздарды ертерек зейнетке шығару туралы ұсыныс айтылды
2 жыл бұрын 829 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресейдің тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы алғашқы оқылымы наурыз айының 15-і күні өткен «Халықты жұмыспен қамту» туралы заң жобасын жетілдіруді ұсынды. Аталмыш ұйым заң жобасына «ішінара жұмыссыз» және «ішінара жұмыспен қамтылған» ұғымдарын енгізіп, анықтама беруді талап етіп отыр. Ал зейнет жасына жақындаған  жұмыссыздарды бір жыл ішінде жұмыс табылмаса, ертерек зейнетке шығаруды ұсыныпты. Бұл айтылған ұсыныстарды РФ мемлекеттік думасы мен еңбек министрлігіне жолдады. Бұл жайында islam.kz порталы kommersant.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зейнет жасына жақындаған, яғни, зейнетке бір жжылы қалған жұмыссыздарды бір жыл ерте зейнетке шығару турасында сөз болып отыр. Өйткені, жұмыс берушілер күш-қуаты қайтпаған жастарды жұмысқа алуға бейім. Қазіргі заң жобасында азаматтардың қосымша санаты енгізілген: мәселен, өзіне қолайлы, яғни, көңілінен шығатын жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыстан шеттетілу қатері бар адам. Ал «толық емес жұмыспен қамтылған» ұғымына еңбек келісімшарты бойынша жұмыс уақыты заңдағы нормадан төмендері кіреді, яғни, жалақысының мөлшері істеген жұмысына немесе істеген сағатына қарай төленеді. Мұндай санаттағы азаматтар қосымша жәрдемақы алуға құқылы болуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат