Ресейде тағы бір деструктивті идеология насихатына тыйым салынады
Ресейде тағы бір деструктивті идеология насихатына тыйым салынады
2 ай бұрын 793 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей федерациясының министрлер кабинеті ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы құндылықтарына негізделген қоғам құру жолында елдің менталитетіне жат саналған чайлдфри идеологиясына тойтарыс бермек. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада баладан өз еркіммен бас тартуды дәріптейтін субмәдениеті  турасында сөз болып отыр. Бұл ағым да батыс елдерінен бастау алған. Чайлдфри насихатына ел аумағында тыйым салу қарастырылған заң жобасы қабылданған жағдайда РФ-дағы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, интернетте, жарнамада баладан бас тартуға үндейтін ақпарат болмауы тиіс. Сонымен бірге, министрлер кабинеті бұл бағыттағы құжатты пысықтауды ұсынды. Атап айтқанда, діни себептер бойынша немесе медициналық себептерге байланысты бала туудан бас тартуға мәжбүр жағдайларды чайлдфримен шатастырмау үшін «бала туудан бас тарту» түсінігін нақтылауды ұсынды. Қазіргі уақытта интернетте ұрпақ өрбітуден бас тартуды насихаттайтын және ана мен әкеге, балалар мен көп балалы отбасыларға құрмет көрсетпейтін түрлі қауымдастықтар кең таралған. Бастама авторлары деструктивті ақпараттан қорғау тетігіне ұқсас шараға жүгінуді қолай көріп отыр: дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау механизмін қалыптастыруды ұсынады. Бұдан бөлек, Ресейдегі демографиялық ахуал жылдан жылға кетіп барады - туу көрсеткіші төмендеп, халық саны азайып келеді. Бұған қоса, РФ Украинадағы соғысқа байланысты батыс елдерімен қарым-қатынасын үзіп жатыр. Әлемнен оқшауланған РФ билігіның бұл қадамы дәстүрлі құндылықтарды  қорғаудан гөрі таз ашуын тырнадан аладының кебіне ұқсайды. Осы орайда Ресейде бір жыныстылар қатынасын насихаттауға, стримге, квадробергемзаң жүзінде тыйым салғанын, гольфті, чирлидингті білім беру бағдарламасынан алып тастағанын, т.б. айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат