Ресейде тағы бір әрекет экстрмеизммен теңестірілетін болды
Ресейде тағы бір әрекет экстрмеизммен теңестірілетін болды
4 жыл бұрын 1833 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасына Ресей территориясын иеліктен шығару (яғни, Ресейдің қандай да бір аймағын аталған елдің аумағы деп танымау) әрекетін экстремизммен теңестіру туралы заң жобасы енгізілді. Бұл жайында төменгі палатаның мемлекеттік құрылыс және заңнама жөніндегі комитет жетекшісі Павел Крашенинников мәлім етті. Депутаттар «Экстремистік әрекетке қарсы тұру туралы» федералды заңның терминологиясын нақтылауды ұсынып отыр. Павел Крашенинниковтың айтуынша, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 300 мың рубл мөлшерінде айыппұл салу ұсынылуда. Ал жария түрде шақырғандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады. РФ Қылмыстық кодексі жаңа 280.2 бабымен («Ресей Федерациясының аумақтың тұтатастығын бұзу») толықтырылуы мүмкін. Жаза ретінде алты жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.  

0 пікір
Мұрағат