Ресейде "Сахих Бұхари" атты мұсылмандар үшін аса маңызды саналатын хадис жинағына тыйым салынды
Ресейде "Сахих Бұхари" атты мұсылмандар үшін аса маңызды саналатын хадис жинағына тыйым салынды
2 жыл бұрын 4136 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының әділет министрлігі ислам әлемінде танымал әрі беделді, ең бастысы, маңызды әдебиеттердің бірінен саналатын «Сахих әл-Бұхари» классикалық хадистер жинағын экстремистік деп таныды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Руслан Нагиве есімді қорғаушы заңгерге жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тамыз айының 29-ы күні аталған кітап федералды экстремистік материалдар тізіміне енген. Оқуға, таратуға, басуға, сақтауға (алайда, таратпау мақсатында сақтауға рұқсат етілген, бұған жауапкершілік қарастырылмаған РФ заңнамасында) тыйым салынған материалдар тізімінің жаңартылған нұсқасына 5 материал қосылған, оның 3-і ислам туралы кітаптар. Владимир Нирша аудармасындағы «Сахих әл-Бухариден» басқа Абд ар-Рахман әс-Саадидің түсініктемелері бар «Құран Кәрімнің түсіндірмесі», сондай-ақ, дінтанушы Ибн Хажар әл-Асқаланидің  «Булуғ әл-Марам» кітабы бар. Бұл арада орыс тіліндегі аудармасының басылымы – «Сахих әл-Бухари (Түйіндеме)» Мұхаммед пайғамбардың өмірінен алынған сенімді өсиеттер (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенімді хадистер» хадистерінің жинағы», құрастырған имам Әбу әл-Аббас Ахмад бин Абд әл-Латиф әл-Зубайди, араб тілінен аударған Абдулла Нирш, 5-басылым, қайта өңделген, М .: Умма, 2007, 960 бет (No4 басылым)» турасында сөз болып отыр. Заңгердің айтуынша, «Сахих әл-Бухаридің» Ресейде тыйым салынбаған басқа да басылымдары мен басқа аудармалары бар. Осылай деген ол қорғаушы тараптың бұл сот шешіміне шағымдануға құқысы барын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат